Ақтөбе мен Қостанай облысында жолдар жабылды

936

Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 қызметіне хабарласыңыз.  

Ақтөбе мен Қостанай облысында жолдар жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Біз бұған дейін Ақтөбе облысында екі тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.

Ал енді бүгін 00:30-дан бастап Ақтөбе облысындағы облыстық маңызы бар "Дон – Бадамша" – "Ақтөбе-Орск" (45-75 шақырым), "Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық" (17-191 шақырым) жолдары жабылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, Қостанай облысындағы облыстық мәндегі "Қостанай – Веденка" тасжолының 5-97 шақырымында көлік жүруіне тыйым салынды.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райындағы өзгерістерді қалт жібермей, бақылап отыруды ұсынады. Көктайғақ және жол көрінбейтін боран кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтамау қайғылы жағдайға апарып соқтыруы мүмкін. Лажы болса, ондай ауа райында алыс жолға шықпаған абзал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу