Ақтөбе облысында көші-қон қызметі қорытындыланды

1428

Жеті адам мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен.

Ақтөбе облысында көші-қон қызметі қорытындыланды

Ақтөбе облысында былтыр қос азаматтығы бар жүзден аса азамат анықталған. Ал 23 шетелдік ел аумағынан шығарылған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы 2021 жылдың 12 айын қорытындылады. Оған сәйкес, өткен жылы облыс аумағына 15 080 шетелдік азамат келіп, уақытша тіркелген. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау өткен "Заңсыз келуші" іс-шарасы өткізіліп, көші-қон заңнамасын бұзған 1824 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Бұдан басқа, былтыр облыс бойынша 23 шетелдік республика аумағынан шығарылады. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтудің 7, заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың 6 дерегі және ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу дерегі анықталған. 104 адам қос азаматтық алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Айта кетейік, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері өткен жыл ішінде 230 200 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу