Ақтөбе облысында шекарашылар қаруланған 5 адамды ұстады

915

Ақтөбе облысында шекарашылар қаруланған 5 адамды ұстады

Өткен тәулікте Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының бойындағы Ақтөбе шекара жасағының шекарашылары шекара режимін бұзған 5 азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

 Олардан аңшылық қаруы мен оқ-дәрілер алынды.  Алғашқы дерек бойынша, "Әлімбет" бақылау бекетінің шекарашылары "Ниссан" автомобилін мінген екі азаматты ұстады. Тексеру барысында олардан рұқсаты жоқ аңшылық қару мен 23 дана оқ-дәрі табылды. Осы күні аталмыш бекеттің шекарашылары Мемлекеттік шекарадан 100 метр қашықтықта кетіп бара жатқан тағы да үш азаматты ұстады. Олардың көлігінен екі аңшылық қару мен 80 дана оқ-дәрі алынды.

"Ұсталғандар қару-жарақ пен оқ-дәріге қатысты ешқандай рұқсат қағаздарын көрсете алмады. Осылайша, мемлекеттік шекара бойында аңшылық етуге тыйым салынғанына қарамастан, заң бұзушылыққа барып отырған азаматтар бар.  Ұсталғандардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды.  Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды", – делінген таратылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу