Ақтөбе полицейлері рейд жүргізуде

1184

Бір күнде түнгі мезгілде жүрген 59 бала анықталған.

Ақтөбе полицейлері рейд жүргізуде

Ақтөбе облысында "Түнгі қаладағы балалар" акциясының тек бірінші күні ғана полиция бөлімшесіне 67 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Оның 59-ы - түнгі сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген балалар. 

Айта кетейік, жедел іс-шара жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ, жасөспірімдерге алкогольдік ішімдіктердің, темекі өнімдерін сатудың алдын алу мақсатында облыс бойынша өткізілуде. Ювеналды полиция шара барысында  аулалар мен саябақтарды, жастар көп жиналатын және ойын-сауық өтетін жерлерді жіті тексеруде. 

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 11 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, акция нәтижесінде 21 жасқа толмаған жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 2, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін 2, сағат 22.00-ден кейін кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемесіне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жібергені үшін 3 жеке кәсіпкер жауапқа тартылды. Ішкі істер органдары есебіне 24 жасөспірім мен 13 қолайсыз отбасы алынды. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу