Ақтөбеде 38 отбасы баспаналы болды

1529

Ақтөбе облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасымен үй алуға өтінім бергендердің 382-сіне оң шешім шықты.

Ақтөбеде 38 отбасы баспаналы болды

Ақтөбеде "Бақытты отбасы" бағдарламасымен 38 отбасы баспаналы болды. Оларға қала әкімі Мавр Абдуллин пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Үкімет Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік санатқа кірген отбасылардың 4,6 млрд теңге көлемінде несиелерін жауып берді. Соның ішінде 3,6 млрд теңге Ақтөбе қаласының тұрғындарына тиесілі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Бақытты отбасы", "Нұрлы жер" секілді тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Міне, сіздер де пәтер иелері атанасыздар. Қиындықтардың барлығы артта қалсын, жаңа қоныстарыңыз жайлы болсын!", – деп шаһар басшысы келген отбасыларды құттықтады.

Айта кетсек, Ақтөбе облысының тұрғындары "Бақытты отбасы" бағдарламасына белсенді түрде қатысуда. Бүгінгі таңда ТҚЖБ 530 несиелік өтінімді қабылдап, оның 382-сіне оң шешім шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу