Қоғамдық тәртіптің күзетшілері көлік ұрлады, деп хабарлайды Atameken Business.
Қала тұрғыны құқық қорғау орындарына шағымданған. Оның айтуынша, түнде 4 белгісіз адам жолын жауап тастап, жүргізушінің өзін көліктен шығарып, ұра бастаған. Абырой болғанда, жүргізуші қашып құтылыпты. Ал төрт бұзақы таксишінің көлігін мініп алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Олар ащы суға тойып алып, осындай тәртіпсіздікке барған. Кейін төртеуінің де құқық қорғау қызметкері екені анықталды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің айтуынша, 4 қызметкер жұмыстан қуылды. Олардың үстінен "ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы жағдайдан кейін облыста тәртіп сақшыларына талап күшейтілмек.