Ақтөбеде бір ай ішінде мектепке екі рет "бомба" қойды

919

Жалған ақпаратты кім таратқаны белгісіз.

Ақтөбеде бір ай ішінде мектепке екі рет "бомба" қойды

Ақтөбе қаласында бүгін күндізгі сағат сағат 10:15-те №51 мектеп-гимназиясының электронды мекенжайына мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына жетіп, оқушыларды, оқытушылар құрамы мен техникалық қызметкерлерді, жалпы саны 550-дің үстіндегі адамды оқшаулады. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимаратқа жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді. Бірақ ешқандай жарылғыш құрылғы табылмаған.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Қызық болғанда, бұл бір ай ішінде болып отырған екінші жағдай. Биыл 18 қаңтар күні дәл осы мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде тура осындай хабарлама келіп, дүрліктірген еді. Жалған хабарламаларды таратқан бір адам болуы да мүмкін. Алайда, оның кім екені әзірге анықталмай отыр. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу