Ақтөбеде нан бағасы қымбаттады

1952

Бұл аймақтағы ас атасын жасайтын үш ірі зауыт бір күнде құнын өсіріп жіберген.

Ақтөбеде нан бағасы қымбаттады

Баға тұрақтылығын қадағалайтын шенеуніктер бұған бидай құнының қымбаттауы себеп деп отыр, деп хабарлайды КТК. 

Бұрын әлеуметтік нанды зауыттағылар 78-80 теңгеден көтерме бағамен тарататын. Қазір үстіне 7 теңгеге дейін қосып отыр. Ол дүкенге жеткенде пайда көру үшін кәсіпкерлер тағы бірер теңгеге қымбаттады. Онымен қоса биыл қуаңшылықтан өңірде егін шықпай қалды. Әкімдіктегілер нан бағасын ұстап тұруға енді үш зауытқа субсидия бөлу жолын қарастырып жатыр.  

"Нанның қымбаттауының себебі – бидайдың қымбат. Бірінші сұрыпты ұнның бағасы көтерілді. Содан нанның бағасы да өсіп отыр",– деді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ақжол Нұрсейітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу