Ақтөбеде жаңа сауда орталықтары пайда болды

663

Облыс әкімі онлайн қосымша арқылы тапсырыс беріп, аз қамтылған отбасына азық-түлік алып берді.  

Ақтөбеде жаңа сауда орталықтары пайда болды

Ақтөбеде "HALYK SAUDA" шағын көтерме сауда орталығы ашылды. Халықты қалтасы көтеретін әлеуметтік маңызды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған пилоттық жобаға "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бастамалық еткен. Сондай-ақ, бұл жобаға "СХФ Пригородное" ЖШС, "Бриг", "SMART TRADE" сауда үйлері де атсалысады.  Дүкен-қоймада өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері нарық бағасынан төмен сатылмақ.

"Осындай өзекті тапсырмаларды шешу үшін бір дүкен жеткіліксіз. Соған байланысты қыркүйек айына дейін тағы осындай жиырма нүкте ашуды тапсырамын. Болашақта "HALYK SAUDA" шағын көтерме орталықтарының желісі аудандарда да дамытылады", – деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин сауда орталығының ашылу салтанатында.

Сонымен қатар, облыста қолға алған заманауй тың жобаның бірі – "МY DUKEN" онлайн сауда қосымшасы болып табылады. Оның артықшылығы – тауарға тапсырыс беріп, оны үйден шықпай-ақ, қолайлы түрде төлеуге болады. Бұл – әсіресе, карантин кезінде тұрғындар үшін өте ыңғайлы болып тұр. "МY DUKEN" қосымшасымен танысқан аймақ басшысы ол арқылы ақтөбеліктер арасынан бірінші болып, аз қамтылған отбасыға азық-түлік жеткізу үшін онлайн түрде тапсырыс берді.

Айта кетейік, "Ақтөбе" ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстарын тиімді жүргізуде. Биыл тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттен 540 млн теңге бөлінді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу