Ақтөбелік газ тасымалдаушылар Энергетика министрлігін айыптауда

886

Арызданушылар монополияға қарсы комитет басшысынан, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінен араша сұрайды. 

Ақтөбелік газ тасымалдаушылар Энергетика министрлігін айыптауда

Ақтөбе облысының газ тасымалдаушылар қауымдастығы энергетика министрлігі жекелеген компаниялардың мүддесіне жұмыс жасап жатқанын айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Atameken Business.

Арызданушылар монополияға қарсы комитет басшысынан, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінен араша сұрайды. Олар сұйытылған газ тасымалдау мен сату нарығындағы аймақтағы ең ірі компаниялардың бірінің жұмысына баса назар аударуды талап етіп отыр. Сөздерінше, аталмыш мекеме бірқатар газ құю бекетінің атынан шығып, мемлекеттен газды екі есе арзан әлеуметтік бағамен сатып алатын көрінеді. Артынша алып-сатарлар көгілдір отынды өз бекеттерінде саудалайды екен. Кесірінен басқа тасымалдаушыларға газ жетпей жатыр.

Қауымдастық өкілдері министрлік әлеуметтік газдың ауқымды көлемін жекелей компанияларға жеткізіп отыр деді. Мәселе шешімін таппаса мемлекет басшысына дейін баруға дайын.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облысқа ай сайын 3 мыңнан 11 мың тоннаға дейін газ жеткізіледі. Алайда осыған қарамастан кей бекеттеде көгілдір отын талон бойынша ғана сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу