Ақтоғайда бір де бір Қытай азаматы жоқ – Даниал Ахметов

1279

2022 жылдан бастап Ақтоғай кен орнынан жылына 2,5 млн тонна мыс кені алынады.

Ақтоғайда бір де бір Қытай азаматы жоқ – Даниал Ахметов Фото: sputniknews.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Ақтоғай мыс өңдеу жобасында бір де бір қытайлық жұмысшы қалмағанын айтты. 

Жыл бойында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берген Даниял Ахметов осыдан төрт жыл бұрын қытайлық құрылысшылар мен жергілікті жұмысшылар арасында төбелес болған өндірістік нысанның қазіргі жағдайына тоқталды.

"Ақтоғай кен өңдеу кәсіпорнының әлеуеті орасан. Әлемде оған тең келетін нысан кемде-кем. Ең ауқымды әрі үздік жобаның бірі деп айтуға болады. Қазір мұнда жобаның екінші кезеңі жүзеге асып жатыр. Ондағы мамандардың барлығы жергілікті және отандық мамандардан құралған. Бұл мәселе сөзбұйдаға түспеу үшін басын ашып айтайын. Қазір онда бір де бір қытайлық жұмысшы жоқ", – деді Даниал Ахметов.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу