Әлем барысының ¼ финалында кездесетін 8 балуан анықталды

1263

Әлем барысының ¼ финалында кездесетін 8 балуан анықталды

Алматыда өтіп жатқан "Әлем барысы" чемпионатында 1/4 финалға шыққан барлық балуанның есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1/8 финалдық кезеңде бірінші болып боз кілемге шыққан Ресей және Әзербайжан балуандарының текетіресінде ресейлік Роман Бобиков қарсыласын санаулы секундтың ішінде алып ұрды. Сонымен бірге поляк балуаны Петр Талач ганалық Уелбек Арианы ұтса, бұдан кейін белдесуге шыққан үшінші жұп - Латвия балуаны Игорс Костинс пен тәжік Дадахан Курбоналиевтің күресі соңғы балуанның жеңісімен аяқталды.

Көпшілік күткен кездесулердің бірі ирандық балуан Жафар Пахлеванижагхаргх пен қазақ балуаны Ерсұлтан Мұзафаровтың күресі еді. Шын мықтылардың текетіресі кезінде қазақ балуаны өзінен алпыс келі артық ирандықтан айласын асырды.

Бұдан соң Мухсин Хисомиддинов (Өзбекстан) пен армян балуаны Акоб Аракелянның күресі армян балуанының жеңілісімен аяқталды. Айбек Нұғымаров болса литвалық балуанды таза жеңсе, чехиялық Лукаш Главачек пен Гурам Тушишвилидің (Грузия) белдесуінде грузиялықтың айы оңынан туды.

1/8 финалдық кезеңнің ең соңғы кездесуінде Танель Карро (Эстония) мен Айбат Сейтен шығып, тартысты белдесуде қазақ балуаны жеңіс туын желбіретті.

Еске сала кетейік, осы уақытта Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Әлем барысы" абсолюттік әлем чемпионаты өтіп жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу