Әлемде 25 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

1386

Қазақстанда дәрігерлерге – 1900 доллар, Өзбекстанда 2700 доллар үстемақы тағайындалды.

Әлемде 25 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Дүниежүзілік еңбек ұйымының (ДЕҰ) дерегінше COVID-19 пандемиясының кесірінен туындаған экономикалық және еңбек дағдарыс салдарынан әлемде 24,7 млн адам жұмыссыз атануы мүмкін, деп хабарлады Finprom.kz. 

Деректерге сүйенсек, қызметінен босатылатындардың басым бөлігі – жоғары жалақы алатын мамандар. Мәселе ушықпағанның өзінде 2,8 млн адам, ал жағдай үдеген жағдайда 14,6 млн адам айлықсыз қалады. Бұдан бөлек ДЕҰ жалпы халықтың кірісі төмендейтінін айтады. 2020 жылдың соңында әлемде кіріс көлемі 860 млрд-тан 3,4 трлн долларға дейін азаюы ықтимал. Сондай-ақ, кедейлік деңгейі де жоғарылайды деп болжануда. 2020 жылы кедейлер саны 8,8 млн-нан 35 млн адамға дейін артуы мүмкін. 

Бүгінде пандемия Қазақстанның да еңбек нарығына кері әсер етуде. Мәселен, тек Алматы қаласында кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер қатары 266 мыңға қысқарды. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің 80%-ы қызметін тоқтатты. Әйтсе де ел үкіметі ақысыз демалысқа жіберілгендерге 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау, "Еңбекпен қамтудың жол картасы" сынды бағдарламалар арқылы халықты барынша қолдауда. Осылайша дағдарысқа қарсы шараларға 4,4 трлн теңге немесе 10 млрд доллар қарастырылды. 

Әрине, коронавирустық инфекцияның өршіп тұрған кезінде дәрігерлерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл ретте 30 наурыз күні Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия "ақ халаттыларға" қосымша үстемақы тағайындады. 

Төлемдер 3 ай бойына қарастырылған және оны алатын медицина мамандары үш топқа бөлінген: 

Бірінші топ – жалақысына үстемеақы айына 850 мың теңгені құрайды (1900 доллар). Екінші топ – үстемеақысы айына 425 мың теңге (947,5 доллар). Үшінші топ  айына 212 мың теңге (473,7 доллар) үстемеақы алады. 

Ал карантин кезінде жұмыс істеген Өзбекстан дәрігерлеріне 2700 доллар, медбикелерге мен зетханада жұмыс істейтіндерге 1,6 мың доллар, санитарлық қызметкерлерге 1,1 мың доллар, өзге де медицина мамандарына 530 доллар үстемақы тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу