Әлемде атом энергиясын қолдаушылар саны артып келеді

282

Атом энергиясын қолдануда кім бола да бірінші кезекте өз пайдасын көздейтіні сөзсіз. 

Әлемде атом энергиясын қолдаушылар саны артып келеді Фото: MINING24.ru

Біреу үшін энергетикалық қауіпсіздік маңызды, енді бірі экологияны жақсартуға ниетті, тағы бірі экономикалық мақсатта атом электр станцияларын салып жатады. Ал төртіншісі ғылыми тұрғыда ілгерілеуді қалайды. Бұл ретте мотивацияның әртүрлі болуы энергетиканың дәл осы формаларын түрлі аймақтар мен жалпы өмір салтына енгізуге ықпал етуде. Міне, осыған қарап-ақ көптеген мемлекеттің атом энергиясынсыз тұрмысын елестету мүмкін емес жағдайға жеткенін байқайсың. Оның үстіне, соңғы онжылдықта оның технологиялық жағынан қауіпсіз болғаны сонша көпшіліктің оған деген көзқарасы өзгеріп, сенімі арта бастаған. Мысалы: PACE, яғни Таза энергияға деген қоғамдық қатынастар индексінің өткен жылғы зерттеуі бойынша Атом электр станцияларын жақтаушылар саны қарсыларға қарағанда 1,5 есеге артқан.

Тұрақты қолдау

PACE (Таза энергияға деген қоғамдық қатынастар индексі) жаһандық зерттеуінің соңғы нәтижелеріне қарап, әлем жұртшылығы Атом энергетикасына тұрақты қолдаушыға айнала бастаған деген тұжырымдамаға келгенін байқайсың. 2023 жылдың күзінде жүргізілген сауалнамаға 20 елден 20 мың респондент қатысып, оның ішінде атом генерациясының көшбасшылары, атом электр станциялары әлі жоқ мемлекеттің тұрғындары да жақсы нәтиже берген: атом электр станцияларының жақтаушылар саны қарсы шыққандардан 1,5 есе көп болған.

Зерттеу көрсеткендей, 20 елдегі респонденттердің 28%-ы атом энергиясын пайдалануға қарсы болса, 46%-сы оны қолдайтынын білдірген. 20 елдің 17-сі атом энергиясын пайдалануды қолдайды. Халқы тығыз орналасқан әлемдегі 2 ел - Қытай мен Үндістанда да қолдаушылар саны қарсыластарға қарағанда 3 есе көп.

Бұл сандар құр статистика емес. Ядролық энергияны пайдаланатын халықтың 85%-ның пікірі осыған сай келеді. Яғни, осы арқылы жалпы қоғамның атомды таза энергия көзін алуда маңызы зор деп санайтындардың жоғарғы кқрсетікіші деп есептеуге болады.

www.radiantenergygroup.com дерегі бойынша, атом энергиясына деген сенім желден, ағаштардан алынатын биомассадан, тіпті көміртекті негізі сақталатын газдан да жоғары екенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, респонденттердің 25%-ы өз елдері атом энергетикасын дамытуға назар аударуы керек деп есептейтінін білдірген. Сауалнамаға қатысқандардың 33%-ы өз дауыстарын күн фермаларынан кейін дәл осы атом энергикасын қолдап беріпті. 

Сауалнамаға қатысқандар арасында жарық көзін алуда атомға сенім жоғары екенін білдірген, яғни 66%-ның пікірі осындай. Ең қызығы, зерттеуде сондай-ақ атом энергиясын сенімді деп санайтын адамдар оны қолдамайтындармен салыстырғанда АЭС-ті пайдалануды төрт есе жиі қолдайтынын көрсетті.

"Бұрын атом энергиясын пайдаланудан бас тартқан елдерде қазір атом энергиясының желден не күннен қуат алудан салыстырғанда құны төмен болып саналады. Германия, Жапония, Оңтүстік Корея және Швецияда - атом энергиясын пайдаланудан саяси тұрғыда бас тартқан елдер болса, енді бұл мемлекеттерде атом энергиясы электр энергиясына әлде қайда төлем  төмен технологиясы болып табылып отыр", - деп жазады Radiant Energy.

Жалпы алғанда әлем бойынша респонденттердің 79%-ы ядролық қауіпсіздікке алаңдайтынын білдірген. Бұл топтың 40%-ы атом энергиясын пайдалануды қолдайды, ал 33%-ы оған әзірге қарсы пікірде отыр.

Атом энергиясы бар елдердегі зерттеуге қатысқан респонденттердің 3 еседен астамы ядролық энергияны пайдалануды жалғастыруды қалайды. Қазір қолданыста коммерциялық реакторлары жоқ 4 елдің респонденттерінің екі есе көп бөлігі мемлекеттерінде тыйым салынғаннан гөрі жаңа атом электр станцияларын салынғанын қалайтындарын айтқан.

Барлық іс-әрекет референдумға әкеле жатыр

Сонымен қатар, осы зерттеуге тапсырыс беруші Radiant Energy консалтингтік компаниясы "қолдау немесе қарсылық көрсеткіштері қоғамдағы көңіл-күй туралы түсінік бергенімен, олар Үкіметтің қалай жұмыс істегісі келетінін де жақсы көрсетпейді", - деп атап өтті.

"Биылғы жыл атом энергетикасы үшін бетбұрыс болғаны анық. COP28-дің 2050 жылға қарай жаһандық ядролық қуаттарды құру туралы уәдесі қоғамның жаңа атом электр станцияларын салу туралы кейінге шегермейтін талабына сәйкес келеді. Атом өнеркәсібі, сондай-ақ оны қолдайтын үкіметтер мен банктер көпшілік тілегін мұқият тыңдап, соған сәйкес оны орындай бастауы тиіс", - дейді Radiant Energy серіктесі Ричард Оллингтон.

Ал Қазақстанға қатысты айтсақ, өкінішке орай, бұл ел зерттеуге қатысқан жоқ. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін әлі Атом энергиясына қатысты қоғам пікірі қандай екенін нақты анықталған жоқ. Қазақстан билігі мен Үкіметің жоспары бойынша АЭС салу не салмау мәселесін референдум шешуі тиіс.

Алайда, бүгінгі таңда кейбір сарапшылар осы кезеңде Энергетика министрлігінің позициясын нығайтуын дұрыс деп санайды. "Қазақстанның энергетикалық аспектілері" зерттеу орталығының директоры Алмаз Әбілдаевтың пайымынша, бұл қадам ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атом станциясының құрылысы бойынша оң пікір қалыптастыру үшін пайдалы болмақ. Ол үшін билік Энергетика министрлігіне тиісті функционалдылық және өкілетті құзырет беруі керек.

Мысалға сарапшы Сауд Арабиясын келтіреді. Айталық, егер түрлі жиындарда Энергетика министрі мұнай бағасының төмендеп бара жатқанын айтса, онда Ауыл шаруашылығы министрі бағаның төмендеуіне байланысты кей жоспарларын кейінге шегеруге мәжбүр болады. Осыдан-ақ бір министрліктің әрекеті елдің басқа да секторларына қалай әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Мұнда Қазақстан Энергетика министрлігі мен Үкіметінің салмағы бірдей болуы тиіс.

"Бізде ұзақ мерзімді энергетикалық саясат болуы керек. Айтпақшы, энергетикалық қауіпсіздік туралы заң құру мәселесін мен бастадым және ұсындым. Энергетика министрлігі бұл ұсынысқа қызығушылық танытты. Бұл заңда мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және оны ұстап тұру тетіктері нақты жазылатын болады. Көптеген елдерде мұндай заңнама бар", - деп Алмаз Әбілдаев тұжырымдамасын түсіндірді.

Айтпақшы, таяуда ғана Үкімет қабырғасында Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев АЭС салу бойынша референдум өткізумен айналысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ведомство басшысы журналистерге референдумға дайындалуға неге сонша көп уақыт қажет ететіндігін түсіндірді.

"Жұмыс бабымен барлық өңірлерге бару қажет. Қазір біз тек 4 аймаққа бардық. Әр өңірде түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз", - деді ол.

Министр қазіргі уақытта Конституциялық заңдарға сәйкес референдум дайындық рәсімдері жүріп жатқанын ескертті.

Қандай энергетика болса, сондай прогресс

Өз кезегінде энергетика бойынша сарапшы Петр Своик көптеген елдердің атом энергетикасына практикалық тұрғыдан көшу мәселесін қарастыруда. Оның пікірінше, бұл прогреске ұмтылатын елдер үшін сөзсіз керек дүние. Қазіргі уақытта осы саланың даму перспективаларын көрсететін бірнеше тенденциялар бар: жеке энергетика және оны енгізу.

Жеке энергетика электр энергиясын өндірудің ұлғаюымен байланысты, әсіресе цифрландыру дәуірінде "сандық жүйені" қолдау үшін электр энергиясының көп мөлшері қажет болған кезеңде. Бұл жағынан жаңартылған атом энергиясына көбірек көңіл бөлінеді. Қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін реакторлардың жаңа буындарының пайда болуының арқасында маңызжылыққа ие.

"Электр энергиясын өндіру тұрғысынан барлық дәстүрлі энергетиканы және жаңа үрдісті - жаңартылатын атом энергетикасын қарастырамыз. Атомды да жаңа деп атауға болады. Өйткені қазір ол тек 3+ буынды ғана емес, сонымен қатар 100% сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 4-ші буыны бар кезеңге көшуде. Адамдар Чернобыль мен Фукусимадан кейін қорықып қалғандықтан реакторлардың жаңа буындары мүлдем қауіпсіз деген мысалдарға сенеді", - дейді Петр Своик.

Сонымен қатар, сарапшы Атом энергиясы саласындағы екі ықтимал серпілісті көрсетеді. Олардың біріншісі - МОКС отынын пайдалану, бұл жердегі уран қорларын тиімді пайдалану мүмкіндігі.

"МОКС отын - бұл жердегі уран қорын шексіз және шетсіз пайдалану мүмкіндігі. МОКС жанар-жағармайын шексіз мөлшерде алуға мүмкіндік береді. Мұндай эксперименталды ғана емес, жұмыс істейтін реактор Ресейдегі Белоярск атом электр станциясында салынған. Ол қазірдің өзінде өнеркәсіптік режимде жұмыс істейді. Бұл күшті және серпінді перспектива береді", - деп санайды ол.

Екінші серпіліс модульдік шағын атом реакторларының дамуымен байланысты. Бұл реакторларды шалғай аудандарда немесе электр желілерінің шетінде орнатуға болады. Бұл, әсіресе, беру кезінде энергия шығыны айтарлықтай үлесі басым - Қазақстан сияқты ірі елдерге қатысты.

"Әзірге бұл кең қолданысқа енген жоқ. Бірақ дүние жүзіндегі көптеген компаниялар осындай модульдерді әзірлеуде. 10 жылдан кейін бұл тұрақты жүйеге айналады. Шағын модульдік реактордың ең тиімді жағы - оны тек шалғай жерде ғана емес, электр желісінің екінші жағына да қоюға болады. Қазақстан үшін бұл өте өзекті. Өйткені ел аумағы үлкен, беретін пайыз да жоғарлайды. Энергияның 10%-на дейін мыңдаған шақырымдық берілістерде сымдарды қыздыру кезінде жоғалмау үшін ғана өндіріледі. Мысалы, егер Жезқазған, Талдықорған, Қызылорда, сол Қостанай сияқты энергетикалық желілердің шалғай ұштарын алсақ, онда бұл энергия берудің шығынын күрт төмендетеді, сонымен қатар осы берудің сенімділігін күрт арттырады. Мұндай компанияда адам күшінсіз автоматты түрде жұмыс істейтін қондырғылар болады, содан кейін өшірулер мен апаттар аз болады", - деп түсіндірді Петр Своик.

Бүгінгі таңда әлемде мұндай шағын атомдық модульдік блоктарға қажеттілік мыңдаған бірліктермен өлшенеді. Жақында бұл кеңінен сұранысқа ие болады.

Егер таңдау жайында айтатын болса, сарапшы пікірінше қарапайым бұқара үшін 2 аспект әрқашан маңызды болып қала бермек - энергияның сенімділігі мен қол жетімділігі. Бұл тұрғыда атом және баламалы энергия көздері арасындағы таңдау, ең алдымен экономикалық пайдаға байланысты болмақ. Осылайша, Қазақстандағы энергетиканың болашағы тұтынушылар үшін қандай энергия көзі тиімдірек болатынына байланысты.

"Тұтынушыға екі нәрсе қажет - электр қуаты, тек күн сәулесі түскенде немесе жел соққанда ғана алатын емес, үнемі тұратын. Екіншісі – қалтасы көтеруі тиіс. Болды, басқасы оларға маңызды емес. Сенімді әрі арзан болуы қажет. Егер балкондағы жайылған кірген оның түтіні сіңбесе тіптеп тамаша. Сондықтан, бұл жағынан - атомдық немесе баламалы энергия тиімді. Қазір біз референдумға бара жатырмыз. Адамдарға таңдау сенімділік пен сенімсіздік жағынан емес, екі нұсқа да сенімді, бірақ атом немесе баламалы энергия көзінің арасында тұр. Бірақ қайсысы арзан?", - деп қорытындылады ойын сарапшы.

РАСА зерттеуіне оралсақ, ол атом энергетикасын кең қолдау керектігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы қолдауға ықпал ететін бірнеше негізгі факторларды анықтағанын қос айтып кету керек шығар.

  • Біріншіден, Атом энергиясы әлем халқын таза және қолжетімді энергиямен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Климаттың өзгеруі мен тұрақты дамудың өсіп келе жатқан сын-қатерлері жағдайында атом энергетикасы энергетикалық мәселелерді шешудің ажырамас бөлігіне айналатыны сөзсіз.
  • Екіншіден, көпшілік атом энергетикасының артықшылықтарын көбірек біледі және оның дамуын қолдайды. Бұл атом энергиясы туралы хабардар болу қоғамдық пікірді қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.

Бүгінгі зерттеулер атом энергетикасының перспективалық дамуының бастамасын ғана көрсетеді. Хабардарлық пен технологиялық прогрестің артуымен Атом энергиясы жаһандық энергетикалық мәселелерді шешудің кілті бола алады. Бір сөзбен айтқанда, оның әлемдегі миллиондаған адамдар үшін тұрақты, таза және қол жетімді энергия көзін алуда рөлі орасаң.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу