Әлемдік банк секторында дағдарыс болуы мүмкін бе?

Инвесторлар АҚШ-та ықтималды экономикалық рецессия туындауы және Қытайдан қайшылықты статистикалық мәліметтер келуі аясында мұнайға деген сұраныс перспективасын күмәнмен бағалады. 

Әлемдік банк секторында дағдарыс болуы мүмкін бе? Фото: central Banking

Мұнай бағасының динамикасы мен халықаралық қаржы нарықтарындағы белгісіздік факторлары туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты. 

"Өткен айда "қара алтын" әр түрлі бағытта саудаланды. Айдың бірінші жартысында мұнай бағалары қалыпты оң жағдай аясында қалыптасып, 1 баррельдің құны 85-87 АҚШ доллары аралығында болды. ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің мамыр айынан бастап жыл соңына дейін мұнай өндіруді қысқартуға қатысты шешімі мұнай бағасына кәдімгідей қолдау көрсетті. Ол тәулігіне шамамен 1,65 млн баррель болады", – деді Әлия Молдабекова. 

Алайда, сәуірдің екінші жартысынан бастап мұнай бағасы айдың басынан бері жинақтаған өсімін толығымен жоғалтып, айтарлықтай төмендеді. 

Инвесторлар АҚШ-та ықтималды экономикалық рецессия туындауы және Қытайдан қайшылықты статистикалық мәліметтер келуі аясында мұнайға деген сұраныс перспективасын күмәнмен бағалады. 

Қытайда өнеркәсіп өндірісінің көлемі күтілген 4%-дық өсуі  кезінде наурызда жылдан жылға 3,9%-ға өсті. Айдың соңғы аптасында First Republic Bank проблемаларына байланысты АҚШ-тың банк секторына қатысты алаңдаушылық қайта басталуына байланысты шикізат нарығы құбыла түсті. Мамыр айының басында рецессия тәуекелінің қысымымен мұнайға баға белгілеу 1 баррель үшін 77 АҚШ долларына дейін төмендеді.

Жалпы, сәуірде нарықтардың салыстырмалы түрде "тыныш" болуына қарамастан, қаржы нарығындағы активтер динамикасының түрлі бағыты АҚШ пен ЕО-ның банк секторындағы оқиғалардан, орнықты-артқан инфляциядан, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы лимитіне тез жетуінен, жетекші орталық банктердің одан әрі жүргізілген ақша-кредит саясатынан туындаған белгісіздік пен аралас сигналдарды көрсетеді.

Мәселен, бір жағынан банк секторындағы дағдарысқа, экономиканың өсуі баяулауына және рецессия тәуекелдеріне байланысты алаңдаушылық ақша-кредит жағдайларын жеңілдету қажеттілігі туралы күтудің артуына ықпал етеді. Екінші жағынан, жоғары инфляция реттеушілерді қатаң саясатты ұстануға мәжбүр етеді. ФРЖ мамырдағы соңғы отырысында қосымша өсіруді көздейтін ұсыныстарды жойып, мөлшерлемені 5-5,25%-ға дейін 25 б.т. көтерді. Сонымен қатар, нарыққа қатысушылар жылдың екінші жартысынан бастап мөлшерлеменің бірінші төмендеуін күтеді. Fed Funds фьючерстері 33% ықтималдығымен шілдеде жеңілдетілуін болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу