Әлия Ғалымова Мемлекеттік қоғам істері комитетінің этика бойынша төрайымы болып тағайындалды

1324

Әлия Ғалымова Мемлекеттік қоғам істері комитетінің этика бойынша төрайымы болып тағайындалды

Ғалымова Әлия Қайратқызы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде ҚР "Мемлекеттік қызметші" туралы заңына сай Мемлекеттік қоғам істері комитетінің этика бойынша төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ғалымова Әлия Қайратқызы 1970 жылдың 18 шілдесінде Павлодар қаласында дүниеге келген.

1987-1992 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің тарих факультетінде Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы мамандығы бойынша білім алған. Тарих ғылымдарының кандидаты;

1992-1994 жж. Павлодар қаласындағы Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжінде тарих пәнінің оқытушысы;

1995-2003 жж. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушы;

2000-2003 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы;

2003-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім басшысының орынбасары;

2008-2010 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2010-2012 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

2012-2015 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет етті. Қазақстан Парламенті V шақырылымының депутаты.

2016 жылы — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші  орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу