Осылайша 776 млрд теңге– әлеуметтік қолдауға, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің жалақысына жұмсалмақ. Бұл мақсатта бюждеттің 61% үлесі бағытталады.
Одан кейін 230 млрд теңге (18%) – инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру: сумен жабдықтау жүйесін дамыту, электрмен жабдықтау, көлік айрығын салу, метрополитен салу және т.б. қарастырылады.
Тағы 207 млрд теңге (16,5%) – бюджеттік алымдарға, 21 млрд теңге (1,7%) – мемлекеттік қарызды өтеуге, 22 млрд теңге (1,8%) – Алматы қаласының резервін толықтыруға бөлінеді.
Болжамды қала кірісі – 1,1 трлн теңге болса, Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 119,8 млрд теңгені құрамақ.
Жергілікті бюджетке қосымша 160,4 млрд теңге шығыстар аударылды.
Бұл шығындар енді республикалық бюджеттен қосымша қаржыландырусыз, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады.