Алматыда бес троллейбус маршрутының жүрісі шектелді

1178

Қаладағы 18 қосалқы станцияның екеуінің желісі зақымданған.  

Алматыда бес троллейбус маршрутының жүрісі шектелді

Алматының Достық, Абай, Тимирязев, Абылайхан көшелерінің бойымен жүретін бес троллейбус маршрутының жүрісі шектелді. Оған себеп қаладағы 18 қосалқы станцияның екеуінің желісі істемей қалған.

Нәтижесінде жолға шықпаған троллейбустардың орнына автобустар қызмет көрсете бастады. 

"Қаладағы екі подстансадағы желінің зақымдануына байланысты бүгін жолға №11 маршрут бойынша 20 троллейбустың 10-ы, №25 маршрут бойынша 31 троллейбустың 16-сы, №7 маршрут бойынша 27 троллейбустың 14-і, №19 маршрут бойынша 17 троллейбустың 9-ы ғана шығады. Көліктердің арасындағы интервал ұзақ болады. Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесінде тоқ кернеуі аз болғандықтан, №9 троллейбус бүгін жүрмейді. Ал жолға шықпаған троллейбустардың орнына осы маршруттар бойынша автобустар қызмет көрсетеді",– дейді "Алматыэлектротранс" ЖШС троллейбус инфрақұрылымы басқармасы жетекшісі Бекболат Бердібаев. 

Сондай-ақ басқармасы жетекшісі, желілердің бірі бүгін кешке іске қосылатынын айтты. Ал екіншісінің қашан қалыпқа келтірілетіні белгісіз. Жалпы бұл желілер 1974 жылы пайдалануға берілген. Сондықтан ескіре бастаған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу