Алматыда Креативті индустрияны дамыту комитеті құрылады

Ұйым қаланың бизнес мүмкіндіктері мен ғылыми әлеуеттін үйлестірмек. 

Алматыда Креативті индустрияны дамыту комитеті құрылады Фото: Атамекен

Комитеттің бірінші отырысы 23 желтоқсан мемлекеттік органдар, бизнес және ғылым өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Жұмыс төрт бағыт бойынша жүргізіледі:

- инновация;

- шығармашылық салалар;

- IT бағыты;

- инвестициялар.

Комитет осы бағыттардағы жобаларды қарайтын болады.

Еске сала кетсек, Ұлттық палатаны трансформациялау аясында өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, республика бойынша салалық комитеттер құрылуда.

"Алматыда үлкен инновациялық әлеует бар. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер бизнес үдерісіне инновациялық технологиялар мен креативті тәсілдерді енгізуге тырысуда. Эко автобустар, электроскутерлер, қолма-қол ақшасыз төлемдер, жасанды интеллект, онлайн сервистік платформалар, гастро-карталар қаладағы шағын және орта бизнесті дамытудың тиімді құралына айналуда", - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Өңірлік тұрғыдан алсақ, шағын және орта бизнестің басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Шаһарда 206 мың ШОБ субъектісі бар. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша көрсеткіштің 14,4%-ы. Оңтүстік астанада еліміздің шағын және орта бизнестегі заңды тұлғаларының 27%-ы жұмыс істейді.

"Кәсіпорындар үшін инновацияларды енгізу оларды нарықта бәсекеге қабілетті етеді. Кіріс артады, бизнесті танымал етеді және халықтың өмірін жайлы етеді. Ал біз ғылыми әлеуетті қаланың бизнес мүмкіндіктерімен ұштастырғымыз келеді", – деп қосты Айтуар Қошмамбетов.

Спикердің айтуынша, комитет жұмысының мақсаты – инновациялық және креативті индустрияларды дамытуда мемлекет, бизнес және ғылым үшін диалог алаңын құру. Міндет – Алматыда жобаларды коммерцияландыру, жаңа, инновациялық кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құру үшін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жәрдемдесу.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу