18 сәуір жол-көлік оқиғасында 1992 жылы туған Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол жеке көлігімен түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып бара жатқан. Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтіп, жерасты өткелінің қоршауына соқтығысқан.
Апат салдарынан полицей ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей көз жұмды.
Жүргізушінің қанында алкоголь анықталмады. Апаттың мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады.
Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен ұжымы оның қайғылы қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу