Алматының Алатау ауданындағы Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан жанар-жағармай құю бекеті отқа оранды шықты. Мамандардың дер кезінде келіп үлгергенінің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді.
"13 қараша сағат 10-16-да төтенше жағдайлар департаментіне Алатау ауданының Рысқұлов көшесі 103 мекен-жайында өрт шыққаны туралы ақпарат келді. Мамандарымыз бірден оқиға орнына аттанды. Онда "Petrol Asia" ЖЖБ-ның кассасалық бөлімі отқа оранып, тілсіз жау жанында орналасқан көлік жөндеу орталығы аумағына өтіп кеткен. Қазір өрт толығымен сөндірілді. Жалпы отқа оранған аумақ 110 шаршы метр. Тілсіз жаумен күресуге ТЖД-нің 43 қызметкері, 11 техникасы, Алатау ауданы полиция басқармасының 15 маманы мен 8 техникасы, 6 жедел жәрдем қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды",– деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Құралай Құдайберген