Алматыны толассыз жауған ақ ұлпа қар басты. Соңғы тәулік ішінде шаһарға түскен қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетіп, жылдық мөлшерінен 3 есеге асып кетті. Таулы аймақтарда одан да көп түскен. Коммуналдық қызмет жолдарды әупірімдеп қардан тазартып жатыр. Аялдамалар омбы қардың астында қалған. Қоғамдық көліктер қалың қар астындағы мұздан абайлап өтуге мәжбүр. Осы тәулік ішінде көктайғақтан зардап шеккен 70-тен аса алматылық ауруханаға жеткізілді. Қаланы тазарту мекемелерінің жұмысшылары көшелерге көктайғаққа қарсы қоспалар шашып жатыр. Бұл туралы 24 Хабар жазып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу