Алматыдағы ақылы тұрақ жүйесі қала меншігіне өтеді

539

Қазір бірыңғай оператор ашылып, өткізуге қатысты процесі жүріп жатыр. 

Алматыдағы ақылы тұрақ жүйесі қала меншігіне өтеді Фото: tengrinews.kz

Ал, бұрынғы "А-паркинг" жүйесіне тиесілі 600 млн теңгеге жуық ақша бұғатталып тұр. 

Алматыдағы ақылы тұраққа жауапты болған екі лауазымды тұлға  Базарбаев пен Пірінбеков 436 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған. Осы қылмысты ұйымдастырды деп күдікке ілінген Мұхтар Борынбаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Сот процесі әлі жүріп жатыр. Енді ақылы тұрақтар толығымен Алматы әкімдігінің меншігіне өтеді. 

"Негізі, әлемдік тәжірибеде ақылы паркингтер мемлекеттің меншігінде. 2013 жылдары паркинг жүйесін құру стратегиясы түзілген тұста, транспорт бойынша мамандар муниципалды компания құруды ұсынған. Алайда, 2016 жылы қала әкімі Байбектің кезінде бармақ басты, көз қыстыға салынып, паркинг жүйесі Борынбаевтың жекеменшігіне өтіп кетті. Сәйкесінше, биылға дейін тұрақтан түскен қаражат жеке компанияның қалтасына кеткен", дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Әсет Түлеушов.

"Біз әкімдікке сауал жолдап, неге жеке компанияға берілгенін сұрадық.  Ақшаның әділетсіз жұмсалуы қаланың мүддесіне қайшы болатын. Себебі, тұраққа ақша төлейтін тұрғындар түсімнің қайда кететінін білу керек. Мен бұл мәселе енді ғана дұрыс шешілді деп ойлаймын", дейді Транспорттық жоспарлау бойынша маман Елена Ерзакович.

Айтпақшы, әлеуметтік желілерде паркингке төлемесе де болады деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл мәселені әкімдік өкілдерінен де сұрадық. Олардың айтуынша, паркоматтар штатты режимде жұмыс істеп тұр, ал ақша бұғатталған есепшотқа түседі. Сот процесі аяқталған соң, шот ашылып, қала игілігіне жұмсалмақ. 

Ақылы тұрақтан түскен ақшаға алдағы уақытта көпқабатты тұрақтар, жаяу жүргіншілер, көше инфрақұрылымы дамытуға жұмсайды. Ал, қала ішіндегі жүктемені азайту үшін әртараптанған тариф енгізу зерттеліп жатыр.  2030 жылға дейін 18 мың тұрақ орынға дейін кеңейту көзделуде. 

Жәния Әбдібек 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу