Алматыдағы "Атакент" көрме кешенінің алдына орнатылған атышулы алып тиін наурызға дейін тұратын болды. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
Бұған дейін тиін авторы Алекс Ринслер өз туындыларын өртеп жіберетіндіктен, жазда орнатылған бұл сабан тиіннің де тағдыры солардың жолын құшады деп айтылып жүрді. Бірақ сабан мүсін өртелмейтін болды.
Алып сәулет күзге дейін тұратын болған, бірақ енді ол наурызға дейін сол жерден қозғалмайды. Уақыты елгенде ол бөлшектеп алынады, өйткені ол арнайы өртке қарсы сұйықтықтан жасалған.
Естеріңізге салайық, Алматыда тұрғызылған 12 метрлік тиіннің салмағы – 12 тонна. Ол желіде жұлдызға айналды.