Алматыдағы ботаникалық бақ қысқы маусымға ауысты

644

Ондағы аққулар хайуанаттар бағындағы жылы павильонға көшті. Ал балықтар ботаникалық бақтағы жасанды ашық тоғандарда қыстайды, деп хабарлайды inbusiness.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматыдағы ботаникалық бақ қысқы маусымға ауысты Фото: inalmaty.kz

"Тұқы тектес балық түріне жататын жапондық кои қатты аяздан қорықпайды", - дейді ихтиолог мамандар.

Сәндік мақсатта өсірілетін бұл балықтарға аса қатты күтім де қажет емес. Балықтардың физиологиялық ерекшелігіне сәйкес, кои да күн суып, мұз қатқанда ұйқыға кетеді. Тек қатты аязда мұзды тесіп, оттегі жіберіп тұрса жеткілікті. Айта кетейік, кои-дың негізінен ақ, сары, қызыл, қара түстері кең тараған. 

"Бұл қыста арнайы қыстауға жіберген кезде оларға физиологиялық негіздемесі бар. Олар жануарлар хайуанаттар бар ғой, аюлар сияқты ұйқыға кетіп қалады ғой қыста, сол кезде температурасы төмендейді, зат алмасу төмендеп, анабиоз деген термин бар, ұйқыға жақын жағдай, сол балықтардың да алмасу заттары азайып, ақырын ұйқыға барады да белгілі жерде қыстай жата береді. Азықтың қажеті керегі жоқ. Кейін мұз еріп, күн жылынғанда қалпына келеді" дейді ихтиолог-ғалым Шоқан Әлпейісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу