Алматының қақ ортасындағы "тиіннің" құны белгілі болды

726

Алматының қақ ортасындағы "тиіннің" құны белгілі болды

Алматының қақ ортасына қойылған арт туынды - тиіннің құны белгілі болды. Авторларының айтуынша аталған 12 метрлік мүсінді жасау үшін 23 млн теңге жұмсалған екен. Ал оның 15 млн-ы мемлекеттік қаржы болса, қалғаны жеке адамдардан тартылған екен.  

Жалпы қалаға қойылатын 16 арт туындыға 78 млн теңге жұмсалады деп жоспарланған. Идея авторларының айтуынша тиіннің салмағы шамамен 12-13 тонна. Оның 7 тоннасы темір болса 3,5-4 тоннасы ағаш және 4 тоннадай сабан екен.

Айта кетейін, аталған туынды еліміз бойынша ең алып мүсін ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу