Алматының төрт көшесінде арнайы жолақ сызылады

580

Бір бағыттық көшелерді көбейту жоспары "тынышталып" қалды. 

Алматының төрт көшесінде арнайы жолақ сызылады

Автобустардың жоғары жылдамдықпен жүруіне арналған арнайы жол бөлігі Сүйінбай даңғылында бірінші жасалады. 

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша арнайы жолдар мына көшелерде пайда болады: 

Құлжа жолында, Рысқұловтан Халиуллин қиылысындағы жолайрыққа дейін; 
Халиуллин, Татібеков пен Райымбек даңғылында, Жангилдинге дейін; 
Момышұлы, Төле биден Мөңке биге дейін. 

Автобус, троллейбуспен қатар ресми такси де арнайы жолақпен жүруге құқылы екенін еске саламыз. 

Қала әкімдігі 2023 жылға дейін Сейфуллин, Абылай хан сияқты орталық көшелерді бір бағыттық қылмақшы. Бұл жоспар биыл іске аспайтын секілді. 

Олжас Оқас 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу