Алматының жедел жәрдем көліктері 37 пайызға жаңартылды

156

2024 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ға ұлғайды. 

Алматының жедел жәрдем көліктері 37 пайызға жаңартылды Фото: aikyn.kz

Бұл ретте денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерболат Досаевтың сөзінше, биыл Алматы қаласының мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті. Соған сәйкес 4 алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы мен 1 емхана салынды. Бұдан бөлек, 32 нысанды салуға және жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

– Осы жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет балалар арасында мүгедектікті төмендету үшін ерте араласу орталығы құрылды. Сондай-ақ, 2024 жылы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы ашылды. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру – әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Осы жылдың маусым айында Қазақстанда алғаш рет "Ұрық хирургиясы" пилоттық жобасы енгізілді. Енді Алматыда жылына 150-ге дейін жатырішілік ота жасауға болады, – дейді әкім.

Айтуынша, биыл 3 753 пациент 45 нозология бойынша 9,2 млрд теңгеге орфандық препараттармен қамтамасыз етілді, қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті.

– Екі жыл ішінде жедел медициналық жәрдем автопаркі 37%-ға жаңартылды. 2023 жылы 55 машина, 2024 жылы 48 машина сатып алынды. Денсаулық сақтау саласындағы таңдалған курстың дұрыстығын биылғы 11 айдың қорытындылары растайды, ол бойынша ана өлімі 48,2%-ға, нәресте өлімі 5,4%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім 16%-ға төмендеді,– деп атап өтті Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу