Алтайда Ресей-Қазақстан шекарасын демаркациялау жұмыстары жүріп жатыр

949

Шарттардың бірі - екі мемлекеттің ерекше қорғалатын аймақтарын сақтау.   

Алтайда Ресей-Қазақстан шекарасын демаркациялау жұмыстары жүріп жатыр

2021 жылы Алтайда ресейлік және қазақстандық тараптардың бірлесе отырып төрт негізгі және алты аралық шекара белгілері орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алтай республикасының аумағы бірден үш шет мемлекетпен - Қытай, Моңғолия және Қазақстанмен шекаралас. Бұл ретте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар барлық төрт елдің шекаралас аймақтарында орналасқан. Сол арқылы  қызыл кітабқа енген жануарлардың тұрақты қоныс аударуы байқалады. Алтай республикасының басшысы Олег Хорохординнің айтуынша, барлық елдердің бірегей міндеті - осы аумақтағы қайталанбас табиғатты, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау. 

 "Біз әр түрлі елдердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тырысамыз.  Мысалы ол Ресейдің "Катунский" мемлекеттік табиғи биосфералық резерваты мен Қазақстанның Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі негізінде трансшекаралық қорғалатын аумақ құру", - деп атап өтті спикер.  

Ресей мен Қазақстан шекарасындағы далалық жұмыстар 2009 жылдан бері жүргізілуде, қазір республика аумағында орналасқан соңғы учаске бар.  Қазақстан-Ресей шекарасының ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асады.  КСРО ыдырағаннан кейін, Орталық Азия аумағында әлі келісілмеген шекараның үлкен бөлігі қалған.  Мысалы, қырғыз-тәжік шекарасының жартысына жуығы, бұл жергілікті қақтығыстардың себебі болып табылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу