Сауда қорытындысы бойынша, АҚШ-тың негізгі индекстері көтерілді. Бұған дейін елдің қаржы реттеушісі пайыздық мөлшерлемені 0-0,25% деңгейінде қалдырған еді. Сонымен қатар Орталық банк құнды құжаттарды сатып алуын жалғастыратынын мәлім етті.
Dow Jones 160,29 пунктке немесе 0,61%-ға өсіп, 26539,57-ге жетті. NASDAQ технологиялық компаниясының индексі 140,85 пункт немесе 1,35% қосып, 10542,94 пункт болды. Ал S&P500 индексі 40 пунктке (+1,24%) артып, 3258,44 пунктке жетті.
"Бұрын-соңды мұндай экономикалық құлдырау болмаған",– дейді Федералды қор жүйесінің басшысы Джеромм Пауэлл.
Оның айтуынша, қаржы реттеушісі экономиканы қолдау мақсатында қолдан келгенді жасайтынын айтып, экономиканың қалыпқа келуі пандемияға тікелей байланысты екенін жеткізді.
Ескере кететін жайт, АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр. Елдегі науқастардың саны 5 миллионға таяп қалды. Дерттен 150 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Табиғат Нұрболат