Сарапшылар: Мұнайдың қымбаттауы аясында теңге нығая түседі

2499

Алдағы жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрайды. 

Сарапшылар: Мұнайдың қымбаттауы аясында теңге нығая түседі

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы талдау орталығы 2021 жылдың қазанындағы қаржы нарығына қатысты сауалнама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зерттеу барысында банк, сақтандыру, брокерлік ұйым өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімдер қызметкерлерінің пікірі зерделенді. 

"Қаржы нарығына қатысушылардың теңге үшін негізгі факторлар – мұнай құны мен рубль бағамы бойынша орта мерзімді күтулері қыркүйек айымен салыстырғанда айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Brent бағасы бойынша күтулер бір баррель үшін 78,9 (бұрын 72,8) долларға дейін өсті. Ал рубль бағамы бойынша нарық бір доллар үшін 73,8 (бұрын 74,3) рубльге дейін нығаяды деп күтілуде", – деп жазылған талдауда. 

Бұл ретте алдағы бір жылдағы теңгенің болжамды орташа бағамы 434,5 теңгеге тұрақтады. Айта кететіні, бұған дейін аталған көрсеткіш 435,5 теңге еді. 

"Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан инфляцияны тұрақтандыру бойынша бекітілген шаралар келесі жылға болжамдарды жақсартты. Орташа инфляциялық күтулер бір жылдан кейін 7,5%-дан 7,2%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар сарапшылар алдағы жылы көрсеткіштер мақсатты 4-6%-дық дәлізге оралмайтынын да атап өтті. Себебі қыркүйек айының өзінде ғана жылдық инфляция 8,9%-ға дейін өсті. Соған қарамастан нарық сарапшыларының 60%-ы 25 қазанда Ұлттық банк ақша-несие саясаты комитетінің отырысында базалық мөлшерлеме 9,5% көрсеткішінде сақталады", – деген пікірде. 

"Осы орайда инфляцияның орта мерзімді перспективада 7,2%-ға дейін болжамды баяулауы базалық мөлшерлемені жылдық 9,0%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Мұнай бағасы бойынша оң болжамдар, инфляцияның баяулауы және базалық мөлшерлеменің төмендеуі аясында ел экономикасының өсуіне қатысты болжамдар жақсарды. Алдағы жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрайды, бұған дейін 3,5% болатын. Қаржы нарығының қатысушылары жуырда теңге бағамы айтарлықтай өзгереді деп есептемейді. Себібі қазір қалыптасқан сыртқы факторлар ұлттық валютаның нығаюына әсер етеді", – деп жазылған ҚҚҚ сарапшыларының талдауында.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу