"Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Әміржан Қосанов Нұр-Сұлтандағы №57 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Президенттіктен үміткерлердің бірі Әміржан Қосановпен бірге оның жұбайы да өз таңдауын жасады.
"Жеңістен, жоқ дегенде екінші кезеңге өтуден үміттімін",– дейді "Ұлт тағдырының" өкілі.
Сондай-ақ, үгіт-насихат жүргізу құқығын барынша пайдаланғанын айтады.
Айта кетсек, Әміржан Қосановтан өзге 6 кандидат та бүгін болашақ Президенттің есімін белгілеп, жәшікке тиісті бюллетеньді салды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Жамбыл Ахметбеков, Сәді-Бек Түгел және Амангелді Таспихов, Төлеутай Рақымбеков пен жалғыз әйел кандидат Дания Еспаева өз таңдауын жасады.
Ел халқы бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін таңдау жасап үлгеруі керек.