Антибиотиктер вирустық пневмонияны емдемейді

716

Аурудың алдын алу үшін осындай препараттарды ішетіндер бар.  

Антибиотиктер вирустық пневмонияны емдемейді

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қасенова антибиотиктер сатып алып, дүрлігуінің қажеті жоқ екенін айтты.

"Антибиотиктер вируске әсер етпейді. Олармен бактериялық инфекциялардың таралуын тоқтатады. Ал COVID-19 вирустік індетке жатады. Бұл жерде ем ретінде антибиотиктердің рөлі өте аз екенін ерекше айтқым келеді. Кейбір адамдар аурудың алдын алу үшін осындай препараттарды ішуде. Бұл мүлде дұрыс емес. Өйткені бұл бүйрекке кері әсер етеді, ағзаның антибиотикке төзімділігі қалыптасады. Антибиотиктер тек стационарда ғана беріледі. Антибактериялық әдіспен короновирус індетін емдемейді. Атипиялық пневмонияны антибиотикпен емдеуге қарсымын", – деді медицина ғылымдарының докторы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу