Бүгін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде Антониу Гутерриш ант қабылдайды. Ол Бас хатшы қызметіне алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісіп, ұйымды 2021 жылға дейін басқарады, деп хабарлайды 24 Хабар.
Салтанатты рәсімді Бас Ассамблеяның 71-мәжілісінің төрағасы Питер Томсон ашады.
Айта кетейік, Португалияның бұрынғы Премьер-министрі Гутерриш мырза өзінің жаңа міндетін Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне және Қазақстанға сапар шегумен бастаған болатын. Қазақ еліне сапары барысында президент Нұрсұлтан Назабаевпен кездескен Антониу Гутерриш Қазақстанның халықаралық сахнадағы маңызды рөлін атап өтті. Ал ұйымның қазіргі Бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ-ны 10 жыл бойы басқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу