Armani-дің ақылды сағаттарының батарея қуаты жарты жылға дейін жетеді

1061

Armani-дің ақылды сағаттарының батарея қуаты жарты жылға дейін жетеді

Emporio Armani компаниясы EA Connected Watch ақылды сағаттарын саудаға шығарды. Бұл туралы life.ru жазып отыр.

EA Connected Watch сағаттары  әдеттегі циферблаттармен белгіленген және  қарапайым механикалық немесе кварц сағаттардан еш айырмашылығы жоқ.  Алайда бұл сағатта бәрі қарастырылған. Атап айтқанда, Bluetooth арқылы Apple және Android қондырғыларымен байланыстыруға болады. Ол иесінің фитнес-белсенділігі мен ұйқысын қадағалап,  музыкалық плеердің тетіктерін басып, тіпті хат-хабар туралы да құлағдар етіп тұрады.  Сондай-ақ сағат екі түрлі сағаттық белдеуді көрсете алады. Сірә, компания сағатты жасау кезінде  клиенттердің талап-тілектерін барынша ойға алса керек.

Сәнге айналған брендтердің қымбат болатындығын ескерсек, EA Connected Watch сағаттарының құны аса қымбат емес: 245 доллардан 395 доллар аралығында. Барлығы EA Connected Watch бес түрі ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу