Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу ережесі өзгертіледі

717

Түзетулер рәсімдеу құжатының 16-1 тармағына енгізілген. Онда басқару жүйесі сол жақта орналасқан темір тұлпарларды тіркеу реті көрсетілген. 

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу ережесі өзгертіледі

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу ережесі өзгертілмек. Бұл Ішкі істер министрлігінің жаңа бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Atameken Business. 

Түзетулер рәсімдеу құжатының 16-1 тармағына енгізілген. Онда басқару жүйесі сол жақта орналасқан темір тұлпарларды тіркеу реті көрсетілген. Жобаға сәйкес, көлік иелерінде жеке бас құжаты, міндетті жарна және шетелден берілген рәсімдеу куәлігі болуы қажет. Сондай-ақ, сәйкестендіру номерінде кемінде 17 белгі болса, конструкция қауіпсіздігі туралы құжат ұсынылуы тиіс. Егер автокөліктің рамасы немесе негізгі шанағы ауыстырылса, онда 53-тармақ негізінде, қауіпсіздікке тексеру хаттамасы берілуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу