Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі орталықтары арқылы еңбек патенттерін рәсімдеу тиімді болғанын хабарлады.
Еске сала кетсек, Көші-қон қызметі орталықтары 2018-2019 жылдар аралығында барлық облыстағы қалаларда ашылған болатын. Сол жерде еңбек мигранттары "бір терезе" қағидасы бойынша еңбек патенттерін рәсімдеп келді.
Бұл орталықтарда көші-қон, ПД-нің криминалистикалық қызметі, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, сондай-ақ медициналық ұйымдар, сақтандыру компаниялары және екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері орналасқан, электронды кезектер енгізілген. Жұмысты осылайша ұйымдастыру еңбек мигранттарына рұқсат рәсімдеу мерзімін бірнеше күннен 2-3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді және тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу бұрынғысынан да ыңғайлы бола түсті.
ІІМ азаматтардың оң пікірлерін ескере отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірге биылғы жылы еліміздегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы еңбек мигранттарына патент рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны жүргізуге кірісті.
Сол үшін ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі ІІМ көші-қон қызметінің жүйесімен біріктірілді. Осылайша "бір терезе" арқылы бастапқы және әзір құжаттарды берудің тәртібі оңтайландырылды.
Соның нәтижесінде ХҚКО арқылы 7500 патент рәсімделіп, берілді.
Биыл 1 қарашадан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің осындай тәсілін барлық ХҚКО-да пайдалану жоспарланып отыр.
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттеріне сәйкес шетелдіктерден өтінімдерді қабылдап, "ХҚКО" БАЖ-ға енгізеді, сондай-ақ төлем құжаттарының электронды көшірмесін, медициналық анықтамаларды, сақтандыру полистерін де қоса енгізеді. Бұдан әрі "ХҚКО" БАЖ жүйесі мәліметтерді МП АЖ береді. Көші-қонның қызметкерлері ҚСжАЕК есебі бойынша шекарадан өту фактісін тексереді, бұдан соң тиісті рұқсатты рәсімдейді. Оның қорытындысы өтініш тапсыруға беру үшін ХҚКО-на жіберіледі.