Астанада ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын саудалаушы құрықталды

695

Астанада ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын саудалаушы құрықталды

Елордада синтетикалық есірткі заттары контрабандасының ірі арнасы әшкереленді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

"2016 жылғы 1 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК Экономикалық тергеулер қызметінің офицерлері синтетикалық есірткі заттардың контрабандасының ірі арнасын әшкереледі. Олар жедел-іздестіру шараларының аясында Астана тұрғыны С. деген азаматты ұстады. Одан метилендиоксиметамфетамин (экстази) психотроптық заты бар 981 таблеткасы алынды", – делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратына сәйкес, тәркіленген есірткі партиясының қара нарықтағы болжамды бағасы 15 млн теңгені құрайды. Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді және ол бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

"С. деген азамат сот санкциясымен қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу