Астананың ІІД мәліметіне сәйкес, бір тәулікте полицияға жол-көлік оқиғасы туралы 80-нен хабарлама келіп түсті, деп жазады egemen.kz.
"Бір тәулікте полицияға ЖКО туралы 80-нен аса хабарлама келіп түсті. Оның 26-сы оқиға бойынша материалдық шығын келген. ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті", – делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Травматология және ортопедия ҒЗИ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше мекемеге 43 адам келсе, бүгін зардап шеккендер саны 87 адамға дейін жетті.
Ал Өскеменде көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы айтарлықтай қиындаған.
Осыған дейін ТЖК 4 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше облысында ауа-райының қолайсыздығынан жол жүруге шектеу қойылғанын хабарлаған. Атап айтар болсақ, көктайғақ салдарынан Астана – Көкшетау, Астана – Атбасар, Астана – Қарағанды бағыттары бойынша қоғамдық және жүк көліктеріне жол жабылған болатын.