Өткен айда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің елордада концерт қоятыны белгілі болды. "Астана концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мегажұлдыз Қазақстандағы екінші концертін Алматыда беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сүйінші хабарды Мәлік Хасенов отандық тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
"10 тамызда Алматыда Дженнифер Лопестің екінші концерті өтеді", - деді Динара Сәтжан.
Айта кету керек, осыған дейін Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанаға келетінін жазған болатынбыз. Әлемге танымал әншінің елордадағы концертінен бюджетке 400 млн теңге түсетіні белгілі болды.
Танымал жұлдыздың елордадағы концертіне билет алу мәселесінде қиындықтар туындады. Сайт әкімшілігі мұны техникалық себептермен байланыстырды. Джей Ло елордалық бишілердің видеосын өз парақшасына салды.