Астанада өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 280-нен аса пәтер тапсырылды

1070

 Астанада өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 280-нен аса пәтер тапсырылды

2016 жылдың басынан бері Қазақстан елордасында 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде (бұдан бұрын "Қолжетімді баспана - 2020") 281 пәтер берілді, деп мәлім етті astana.gov.kz.

"179 пәтер халықтың барлық санаттары үшін "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ желісімен, 102 пәтер - пәтерге кезекте тұрғандарға "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы", - деп хабарлады елордалық Тұрғын үй шаруашылық басқармасы.

Сондай-ақ, басқармадағылардың атап көрсетуінше, мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қайтарымды пәтерлер есебінен баспана беру бойынша жұмыс жалғасын тапты, оның қорытындысы бойынша 2016 жылы халықтың басымдықты топтарына: мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің жұмыскерлеріне, жас отбасыларға 179 пәтер берілді.

2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің оңтайлы аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру арқылы өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін жағдай жасау, халықтың және капиталдың экономикалық өсім орталықтарына шоғырлануға ынталандыру мақсатында әзірленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу