Астанада жыл басынан бері 5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

999

Астанада жыл басынан бері 5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Бүгін елорда әкімдігінде Құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбековтың қатысуымен "Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары туралы" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

"2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы іске асырыла бастағалы Құрылыс басқармасы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жүйесі арқылы несиелік баспана; жергілікті атқарушы органдар қатарынан кезекте тұрғандарға арналған арендалық баспана бағыттары бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезде жалпы ауданы 215,5 мың шаршы метр болатын 16 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді", – деді Талғат Рысбеков. 

Астанада 42 мыңнан астам адам тұрғын үйге кезекте тұр. Биыл жалпы ауданы 53,13 мың шаршы метр болатын 984 пәтердің құрылысы басталды, оларды сату жергілікті атқарушы органның облигацияларын шығару арқылы 2016 жылға арналған Дағдарысқа қарсы жоспардың шеңберінде іске асырылуда. Аталған тұрғын үй кешендерін 2017 жылы тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, келер жылы ЖАО кезекте тұрғандарға арналған арендалық тұрғын үй бағыты бойынша жалпы ауданы 22,9 мың шаршы метр болатын 530 пәтер тапсырылмақ.

Үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы ауданы 141,2 мың шаршы метр болатын 1 849 пәтерге есептелген 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тапсырылған үйлердің жалпы көлемінің 54 мың шаршы метр 1 049 пәтер апатты үйлердің азаматтарын көшіру үшін коммуналдық меншікке ақысыз негізде беріледі.

"Мемлекет басшысының бастамасымен ескі үйлерді бұзу бағдарламасы қолға алынды. Бұл түрік әдісі. 2013 жылы 228 ескі үй анықталды. Қазрігі кезде 100 астам үй сүрілді, қалған үйлер алдағы жылы бұзылатын болады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу