Астанада "Есіл жағасындағы жекпе-жек" атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

1396

Көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды.

Астанада "Есіл жағасындағы жекпе-жек" атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

31 тамызда "Алау" мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша "Есіл жағасындағы жекпе-жек" халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағұлов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен кездескен.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде елорданың тұрғындары мен қонақтары АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Джовхар Дошуев арасындағы жекпе-жекті, FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтың кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жекті тамашалайды.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды: Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен "Tobet Top Team" бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рүстем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.

Билеттер "Алау" мұз айдыны сарайының кассаларында және ticketon.kz сайтында сатылады. Басталуы сағат 18:00-де.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу