Астанада "Казавтодор - Kaztraffic 2017" көрмесі басталды

831

Астанада "Казавтодор - Kaztraffic 2017" көрмесі басталды

Бүгін Астанадағы "Көрме" орталығында жол құрылысы саласы бойынша Орталық Азиядағы ірі көрмелердің бірі "Казавтодор - Kaztraffic 2017" жыл сайынғы халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Көрмені Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев ашты.
"Бұл көрмеде жыл сайын Қазақстан, Ресей, Белорусия, Еуропа мен Азия елдері, АҚШ, Германия, Франция және басқа да елдердің алдыңғы қатарлы фирмалары, кәсіпорындары мен ұйымдарының жол құрылысы жобалары және істелінген жұмыстардың нәтижелері, ғылыми әзірлемелер, техникалар мен технологиялар, заманауи тиімділігі жоғары материалдар көрсетілетінін атап өтті. Көрмені Ұйымдастыру комитеті кездесулер мен келіссөздер өткізу, өнімдерді таныстыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, конференциялар және семинарлар өткізеді. "Казавтодор" көрмелік іс-шарасын өткізудің практикадағы нәтижесі – бұл біздің жолдарға осы көрмелерде таныстырылу арқылы келген өнімдердің көпшілігін Қазақстанның жол шаруашылығында тиімді қолдану, Қазақстан Республикасында жаңа заманауи өндірістер құру екендігіне ерекше көңіл бөле кеткен жөн",- деді өз сөзінде Мереке Пішембаев.
"Казавтодор - Kaztraffic 2017" жол құрылысынан бастап оны қолданысқа енгізуге дейінгі салалық шешімдердің толық жинағын көрсетеді.
Сонымен қатар, көрме аясында "Цемент-бетон жамылғысы бар автомобиль жолдары құрылысы және эксплуатациясы: мәселелер мен шешу жолдары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу