20 маусым күні "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында "Заңның үстемдігі – Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының кепілі" атты форумы қөтеді. Abctv.kz форумның тікелей онлайн-трансляциясын жүргізеді.
Форумға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті Болат Палымбетов, ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Айгүл Сапарова, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша уәкілетті Дилмурод Касимов, сонымен қатар "Атамекен", мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті және Өзбекстан Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша уәкілетті арасында кәсіпкерлер құқығын қорғау және екі елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы ақпарат алмасу бойынша өзара көмек көрсету туралы Келісімге қол қойылады.