Астанада бюджеттік саласының 39 072 қызметкері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сыйақы алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге бір еңбекақы төлеу үшін бюджеттен 1 млрд 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
Сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне де сыйақы беріледі.
Сонымен қатар, 2016 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға 70 мың теңгеден бөлу жоспарланған.
Бұған қоса, аз қамтылған азаматтарға (18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалып, төленетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан) жәрдемақылар төленеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу