Астана–Орал, Алматы–Орал бағытында жаңа теміржол қатынасы ашылды

2881

Астана–Орал, Алматы–Орал бағытында жаңа теміржол қатынасы ашылды

Батысқазақстандықтар енді Астана мен Алматыға теміржолмен жылдам жететін болды, деп хабарлайды khabar.kz.

Былтыр күзде Астанада өткен өңіраралық әріптестік форумында транзиттік жолаушы пойыздарын тексерусіз өткізу туралы үкіметаралық келісімге қол жеткен еді. Сол келісім бүгіннен бастап күшіне еніп, Астана–Орал, Алматы–Орал бағытында жаңа теміржол қатынасы ашылды.

Жүрдек "Тұлпар-Тальго" пойыздары Ресей аумағында тоқтамайды. Бұрын Оралдан шыққан поездар әуелі Шыңғырлауға аялдаса, кейін Ресейдің Соль-Илецк стансасында тексерілетін. Одан соң Қазақстанға қайта кірерде Ақтөбенің Зайсан бекетінде аялдайтын. Соның салдарынан қыруар уақыт құр кететін. Ал енді оралдықтар Астанаға қазіргі 41 сағаттың орнына 26 сағатта, Алматыға 60 сағаттың орнына 36 сағатта жететін болды.

"Астанаға билет 9 мың теңгеден басталады. Ал Алматыға 16 мың теңгеден басталады. Аттанатын 27 вагонның 17-сі – купе вагондар. Соған билеттің бәрі сатылып кетті", - дейді  "Жолаушылар тасымалы" АҚ Орал учаскесінің басшысы Думан Қарағойшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу