Атырау қаласында 10 күн ішінде 156 келі қара балық тәркіленді

726

Атырау облысы аумағында браконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған "Бекіре-2021" іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласында 10 күн ішінде 156 келі қара балық тәркіленді

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, шара басталысымен он күн ішінде 156 келі қара балық тәркіленіп, 30-ға жуық адам заңсыз балық аулағаны үшін ұсталған.

"Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабымен (Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды",– дейді Қамза Үмбетқалиев.

Одан басқа, қолдан жасалған тоғыз қайық айып тұрағына қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу