Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытында іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталғанын хабарлады.
"Зауытта технологиялық қондырғыларға пропан беру басталды. Осы аптада компания іске қосу – реттеу жұмыстарының екінші кезеңіне - пропанды дегидрлеу реакторларына катализаторды жүктеуге кіріседі. Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген",- деп жазылған ҚМГ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Зауытта Теңіз кен орнынан жеткізілетін пропаннан полипропилен өндіріледі: пластикалық жіптер, құбырлар, пленкалар, сөмкелер, медициналық және басқа да өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат.
Зауыттың қуаттылығы – жылына 500 000 тонна полипропилен.