Атырау облысында 110 мобильдік топ карантин талаптарының сақталуын қадағалауда

519

Демалыс күндері рейд жүргізіп, карантиндік шектеулердің сақталуын бақылайды.

Атырау облысында 110 мобильдік топ карантин талаптарының сақталуын қадағалауда

Атырауда мобильді топтар демалыс күндері карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Мобильдік топтар жұма-жексенбі күндері сауда орталықтары мен тамақтану орындарында санитариялық талаптардың сақталуын және жеке тұлғалардың карантиндік шектеулердің сақталуына бақылау жүргізу кезінде бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

Тексерушілер атап өткендей, "Ақжол", "Castle" "Sultan Hall" мейрамханаларында үйлену және мерейтойлар өткізу фактісі тіркелді.  Ал "Мұрагер" сауда үйінде  маска режимі сақталмай және термометрия жоқ болып шықты. Тағы бір факт: Сәтпаев көшесіндегі "Фудзи" суши барында қызметкерлер маскасыз және қолғапсыз қызмет еткен. 30-дан астам келушімен көзге іліккен  "Бармаглот" бары сағат 22:00-ден кейін жұмыс істесе, Жұмыскер кентіндегі "Гүлдияс" дүкені сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсетіп, режимді бұзған. 

Айта кетелік, Атырау қаласында карантин режимін сақтау бойынша рейд жұмысы күнделікті жалғасуда. Облыс бойынша барлығы 110 мобильдік топ жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу